Қордай: Құран жарысынан жүлделі орын

Қордай: Құран жарысынан жүлделі орын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен салауаты болсын ): «Уақиға сүресі – бай болу сүресі. Оны оқыңдар және әйелдеріңе, балаларыңа үйретіңдер». Құранда көп оқылатын және жатталатын мәшһүр сүрелер бар. Олар: Ясин, Рахман, Әл-Уақиға сүрелері. Республика бойынша ұйымдастырылған мәшһүр сүрелерді жатқа оқу Құран жарысына еліміздің барлық өңірлері, мешіт шәкірттері қатысты.

Сайыс Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы  «Шынасыл» мешітінде өтті.  Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті шәкірті Айнара Дәрменәліқызы үшінші жүлделі орынға иеленіп, ақшалай сыяпатқа ие болды.  Елімізде Құран жаттаған ұл-қыздарымыз көп болсын.  Алланың Кәләмімен амал етуді Алла нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: