Байзақ: НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ДӘРІСІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Байзақ: НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ДӘРІСІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жанат Әмірханқызы «Намаз сенің жәннатың» тақырыбында мешіт шәкірттеріне дәріс өтуде.

Дәріс барысында Жанат Әмірханқызы: «Намаз – Ислам дінінің негізгі құлшылықтарының бірі болып табылады. Ол әрбір мұсылманға күніне бес рет парыз етілген. Намазды дұрыс оқу үшін әрбір амалды, сөзді және әрекетті мұқият орындау қажет. Бүгінгі сабақта намаздың Ханафи мазһабына сай дұрыс оқылу үлгісі, оның парыздары, уәжіптері мен сүннеттері, сондай-ақ сәһу сәждесі жайлы түсінік беретін боламыз», - деді.

Сабақ соңында тыңдаушылар өздерінің сұрақтарын қойып, мұғалім тарапынан толыққанды жауаптар алды. Бұл сабақ намаздың дұрыс оқылу тәртібін және оның барлық қырларын толық түсінуге көмектесті. Намаз – мұсылманның Аллаға деген құлшылығы, сондықтан оны дұрыс әрі жан-тәнмен орындау әрбір мұсылманның міндеті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: