Қаратау қаласы. Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлының ұйымдастыруымен қаламыздың “спорт кешені” атты спорт залында жастар арасында мини футболдан жарыс өтті.
Аталмыш жарыс өте қызықты және бәсекеге толы болды. Жалпы 6 команда қатысып, әр команда 10 минуттан екі кездесуден болды. Финалға Намыс командасы мен Жастар командасы шықса, Бірлік командасы мен Білім ордасы командалары үшінші орынға таласты.
Финалда Намыс командасы басым түсіп чемпион атанса, үшінші орын үшін ойнаған 2 команда арасында Бірлік командасы үздік атанып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Іс-шара соңында Асқарбек Серікұлы жеңіске жеткен командаларды мақтау қағазымен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.