Байзақ: ҰМРА ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

Байзақ: ҰМРА ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптаның жексенбісінде Байзақ ауылындағы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен  пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) өмір жолы туралы «Адамзаттың асыл тәжі»  кітабы бойынша байқау өтті.

Байқауға 117 қыз-келіншектер  қатысып, бақ сынасты. Шара басталар алдында аудандық  «Байзақ баба» мешітінің бас имамы  Қанат Жұмағұл адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) өміржолы мен көркем мінезі, асыл қасиеттерінен үлгі алуымыз керектігін айтып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұдан соң “Тілеш қажы” мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы  байқаудың басты шарттары мен тәртібін түсіндірді. Атап айтқанда,  үміткерлер аудан тұрғыны болу қажеттігі,  сайысқа 9 жастан асқан барлық  әйелдер қауымы қатыса алатындығын және пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) өміріне арналған Дамира Ибрагимнің  “Адамзаттың асыл тәжі” атты  кітабы бойынша 100 тест сұрағын  Жамбыл облысы Жастар ісі секторының  өкілі Есет Таласбаевтың  әзірлегендігін атап өтті.

Әрмен қарай үміткерлер екі топқа бөлініп, отырғызылды. Бірнеше сағаттан соң тест жауаптары алынып, сараланды. Нәтижесінде Бурыл ауылынан келген Салтанат Жантаева 83 балл жинап, Умра қажылықтың сертификатына ие болды.

Жаңатұрмыстық Сандуғаш Әлімбек 80 баллмен 100 мың теңгені  қанжығасына байлады. Ақжарлық Толқын Қуандықова, байзақтық Таңшолпан Әкімжан, сарыкемерлік Айя Ахпанова, Гүлдана Қалманбетова  қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Сарыкемерлік Жанар Айсабаева мен Айгүл Битанова, сеңкібайлық Роза Абдраймоваға сұлулық салонына жолдама  табыс етілді. “Салихалы әже” аталымдарына ие болғандарға жайнамаз тарту етілді.

Байқау соңында Қанат Жұмағұл бас жүлдені жеңіп алған Салтанат Жантаеваға Умра қажылығы сертификатын табыстап, жеңісімен құттықтады. Басқа да қатысушыларға сый-сияпаттар салтанатты жағдайда табысталды. Сондай-ақ байқау сұрақтарын дайындаған Есет Тұрдыбайұлы тесттің маңыздылығы мен кітаптың қалай таңдалынып алынғаны туралы уағыз-насихат айтты.

- Өткен жылы осындай тақырыпта байқау жариялаған болатынбыз. Үміткерлер өте көп болғандықтан 2024 жылы ерлер, ал биыл әйелдер қауымы арасында өткізіп отырмыз. Айтулы шара жоғары деңгейде өтті деуге болады. Қатысушылардың пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) деген терең сүйіспеншілігі мен құрметіне тәнті болдық.

Мұндай шараларды жиі өткізудің маңызы зор деп білеміз.  Байқауға демеушілік жасаған  Жұмажан (марқұм)  ақсақал Жарылғасұлының әулетіне алғыс айтылды.  Өңірімізде осындай мәрттілік, пейілі кең аталарымыздың  перзенттері  көп болсын, - деді Рахымбек Абиров.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: