Байзақ: МӘДІМАРЛЫҚТАР ТАСАТТЫҚ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

Байзақ: МӘДІМАРЛЫҚТАР ТАСАТТЫҚ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мәдімар ауылы «Мәдімар» мешітінің имамы Жақсылық Күмісбекұлының ұйымдастыруымен ауыл халқы тасаттық намазын оқып, жауын-шашынның көп болуын, ауылдың ауызбіршілігімен егілген егістің жақсы шығуын дұға жасап тіледі.

 Мешіт асханасында дастархан жайылып ауыл имамы Жақсылық Күмісбекұлы «Тасаттық дәстүрі» тақырыбында насихат айтты. Тасаттық – табиғаттың құдіретіне табыну, жердің, судың құнарлы болуын тілеу мақсатында ұйымдастырылатын діни рәсім һәм әдетке айналған дәстүр. Бұл дәстүр көбінесе көктем мен жаз мезгілдерінде, құрғақшылық кездерінде өткізіледі. Қазақ халқы табиғатпен тығыз байланыста өмір сүріп, оның әрбір құбылысына үлкен мән берген. Сондықтан да, тасаттықты өткізудің негізгі себебі – жаңбыр жауып, жердің құнарлығын арттыру, егін мен мал шаруашылығының өнімділігін қамтамасыз ету.

        

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: