Талас: СӘДУ ШӘКІРОВ АУЫЛЫНДА “ТАЗА АУЫЛ – ТАЗА ЕЛ” ИГІ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Талас: СӘДУ ШӘКІРОВ АУЫЛЫНДА “ТАЗА АУЫЛ – ТАЗА ЕЛ” ИГІ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәду Шәкіров ауылында “Таза ауыл – таза ел” атты ауқымды абаттандыру шарасы ұйымдастырылды. Игі бастаманы Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет қолға алып, ауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырды.

Шара аясында мешіт айналасы толықтай тазаланып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Көптеген жеміс ағаштары, шырша мен пальма ағаштары отырғызылса, раушан гүлінің 40 түбі жерге егілді.

Бақдәулет имам тазалық пен көріктендіру жұмыстарына белсенді қатысқан барша ауыл жамағатына алғыс білдіріп, бұл шараның рухани және тәрбиелік маңызына тоқталды.

Байтоқты баба мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: