Тараз қаласындағы «Әзрет Әли» мешітінде дін мен қоғамды байланыстыратын маңызды тақырыптардың бірі — уақып қорының маңыздылығы жайлы тағылымды насихат жұмысы жүргізілді. Шараны мешіттің бас имамы Есет Таласбаев жүргізіп, жамағатқа уақыптың исламдағы орны мен қазіргі қоғамдағы рөлін кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында жамағат тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тақырыпқа қатысты нақты түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, уақып қорына үлес қосу жолдары мен оның әлеуметтік маңыздылығы да кеңінен насихатталды.
Мешіт жамағаты аталған насихаттық шараны ерекше ықыласпен қабылдап, рухани білімдерін молайтуға мүмкіндік алды.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.