#Тараз: «Әзрет Әли» мешітінде тәпсір сабақтары өтті

#Тараз: «Әзрет Әли» мешітінде тәпсір сабақтары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Әзрет Әли» мешітінде Құран Кәрімнің терең мағынасы мен хикметін түсіндіруге арналған тәпсір сабақтары орын алды. Бұл игі істі мешіттің білімді ұстазы Нұрбақыт Айдосұлы жүргізіп отыр.

Тәпсір сабағы барысында ұстаз Құран аяттарының мағынасы мен мазмұнына терең талдау жасап, олардың өмірлік мәні мен тәлімдік жағын жамағатқа түсіндіріп берді. Әрбір аяттың түсу себептері, тарихи контекстері мен шариғаттағы рөлі кеңінен қамтылды.

Сабаққа қатысушылар рухани серпіліс алып, білімге деген ықыластарын арттырды. Жамағат өкілдері сабақтардың жүйелі түрде жалғасуын тіледі.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: