Жамбыл ауданы, «Әбдібай ата» мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы жамағатпен жүздесіп, уақыптың қоғамдағы орны мен рухани маңыздылығы туралы насихат жүргізді.
Кездесу барысында ол уақыптың әрбір мұсылман үшін сауапқа бастар жол екенін, мұқтаж жандарға көмек берудің, мешіт-медресе сынды игі істерге үлес қосудың шариғаттағы орны зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамда уақып арқылы бірлік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастырудың маңызына тоқталды.
«Уақып – шариғат бойынша жасалуы ұнамды, әрі Аллаға жақындататын амал», – деп түйіндеді имам өз сөзін.
«Әбдібай ата» мешітінің баспасөз қызметі