#Тараз: «Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде әйел-қыздар секторы рухани кездесу өткізді

#Тараз: «Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде әйел-қыздар секторы рухани кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан рухани шара жалғасын тапты. Әйел-қыздар секторы бұл жолы да жамағатты бірлікке шақырып, жайылған дастархан басында тағылымды кездесу өткізді.

Шараның құрметті қонағы – танымал ұстаз, насихатшы Гүлжан ұстаз болды. Ол жиналған қауымға жүрекке жылы тиетін уағыз айтып, әйелдің исламдағы рөлі, отбасыдағы міндеті, тақуалық пен сабыр жайында әсерлі сөз қозғады.

Жиналған апалар мен қыз-келіншектер уағыздан рухани серпіліс алып, өзара пікір алмасып, шынайы ықыласпен тарқасты. Айлық дастархан – тек тамақтану емес, бұл – жүректерді біріктіріп, иманды күшейтуге бағытталған игі басқосу.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: