Рухани тереңдігімен ерекшеленетін «Айсұлу ана» мешітінде жамағаттың игілігі үшін бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде мешіт ауласына жаңа шатыр орнатылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалды.
Бұл жаңартулар – мешіттің заманауи талаптарға сай дамып келе жатқанын білдіреді. Сонымен қатар, жалпы жөндеу жұмыстары мешіттің сыртқы келбетін жаңартып, оны көрікті ете түсті.
Жамағат тарапынан бұл игі іс үлкен ризашылықпен қабылданып, сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтылды. Мұндай қамқорлық – мешітке деген махаббат пен мұсылман бауырластығының нақты көрінісі.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.