Тараз қаласы, рухани тәрбие мен бірлік ордасына айналған «Құлбай баба» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында көлік тұрағының жөндеужұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар мешіт аумағындағы көлік қозғалысын реттеп, тәртіп пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталды.
Тұрақ аумағы тегістелінді. Бұл жаңғырту жұмыстары – жамағаттың күнделікті мешітке келуін жеңілдетіп, құлшылыққа ыңғайлы жағдай туғызды. Мешіт ұжымы мен жамағат бұл істі ерекше қуанышпен қарсы алып, сауапты іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.