Тараз қаласындағы «Әзрет Әли» мешітінде дін мен дәстүрдің өзара байланысын насихаттауға арналған рухани кездесу өтті. Іс-шараны мешіттің наиб имамы Мейірбек Алашбаев жүргізіп, жамағатқа терең мазмұнды уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында дін мен ұлттық салт-дәстүрдің арасындағы өзара сабақтастыққа ерекше тоқталып, исламның қазақтың әдет-ғұрпымен үйлесім табуы – ұлттың рухани тұтастығының белгісі екені атап өтілді. Қонақтар мен жамағат дін жолындағы білімдерін арттырып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Шара соңында жамағат ризашылық білдіріп, осындай рухани кездесулердің жиі өтіп тұруын қолдайтынын жеткізді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.