Тараз қаласының рухани жүрегі саналатын орталық «Әулие Ата» мешітінде ерекше тағылымды шара өтті. Қасиетті Құран ілімін меңгеріп, тәжуид ережелерін толық аяқтаған шәкірттерге арналған «тәж кигізу» рәсімі – жас мұсылмандардың рухани әлеміндегі маңызды белеске айналды.
Шараны мешіттің білікті ұстаздары — Сейтбек Диана және Баймашева Мариям ұйымдастырды. Олар шәкірттердің ұзақ уақыт бойы алған білімін бағалап, еңбектерін елеп, арнайы марапаттау рәсімін өткізді. Шәкірттерге тәж кигізіліп, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұл салтанатты рәсім – тек құрметтің ғана емес, сонымен қатар шәкірттердің Құранға деген махаббаты мен ұмтылысының көрінісі. Иман мен ілім жолындағы бұл қадам олардың өмір бойғы рухани азығына айналмақ.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.