Меркі ауданы, Ақтоған ауылы «Шақшам ата» мешітінің имамы Тұрпанов Асқардың ұйытқы болуымен ауылдағы алты отбасыға қайырымдылық жасалды. Әр отбасыға 25 000 теңгеден жалпы соммасы 150 000 теңге қаржылай жәрдем көрсетілді. Көмек алған отбасылар ауыл имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі. Алла берген нығмет пен мүмкіншілікті дұрыс жолға пайдаланып, сауапты істерді жасауға асығайық.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі