«Ар-Раззақ» мешітінің имамы Нұрбол Молдашев Меркі ауданындағы «Қаратау», «Кеңес» және «Ақсу» шекара бөлімшелерінде қызмет етіп жүрген әскери азаматтар мен жас сарбаздарға арнап «Суицид және Лудомания» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде имам қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан бұл келеңсіз құбылыстардың дін мен дәстүрге қайшы екендігін атап өтіп, олардың алдын алу жолдары мен рухани тəрбие берудің маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ сарбаздарды үміт пен сенімге жетелейтін Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінен мысалдар келтіріп, рухани мотивация берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі