Меркі ауданы, Ақтоған ауылындағы «Шақшам ата» мешітінің имамы Асқар Тұрпанов ауылға қарасты «Ерсұлтан» балабақшасына мешіт ұжымы атынан екі кілем тарту етті.
Игі іске риза болған балабақша ұжымы ауыл имамына алғыстарын білдіріп, мешіт қызметкерлерінің осындай қамқорлығы мен жанашырлығына ризашылықтарын жеткізді.
Бұл — мешіт пен қоғам арасындағы байланыстың нығаюына бағытталған өнегелі бастама.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі