Меркі: Ішімдік қоғамның дерті

Меркі: Ішімдік қоғамның дерті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Жауғаш батыр ауылдық мешітінің имамы Қосаев Мұрат «Жауғаш батыр» шекара әскери бөлімшесін зиярат етіп, Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында ауыл имамы «Ішімдіктің зияны» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ішімдіктен аулақ болуға шақырды. Себебі осы ішімдік ішудің кесірінен қанша қайғылы, орны толмас оқиғалар орын алуда. Көптеген отбасының ойран болып, ажырасуға дейін барып, қаншама жас бүлдіршіндер жетім қалуда. Себебі адамның бойындағы ең құнды нығметтердің бірі ақыл десек, арақ ішуші өз қолымен өз ақылын, тек ақылын ғана емес, санасын да алжастырады. Хазіреті Әбу Бакр (Алла оған разы болсын): «Арақ адамды тақуалығынан жұрдай етеді. Өйткені арақ ішкен адам ақылын жоғалтады», – деген.

Жүсіп Баласағұн бабамыз:

Әркім-ақ шарап ішсе мас болады, 

Іштегі барлық сыры паш болады.

Білімді ішсе – наданның кейпін киіп, 

Надан ішсе – жасайды масқараны, – деген сөздерінде түсінген адам үшін үлкен ғибрат жатыр.

Алла Тағала еліміздің еңсесін биік, тәуелсіздігімізді мәңгі қылғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: