Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Әйел-қыздар секторының өңірге қарасты қала және аудан мешіттерінің ұстаздарымен кездесті.
Кездесу барысында облыстағы діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстар сараланып, ұстаздарға нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, облыстық сектор жетекшісі Жазира Иманалиева жыл басынан бері атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлар жайын баяндап, негізгі бағыттарға тоқталды.
Жиын ұстаздардың тәжірибе алмасуына, ортақ міндеттерді айқындауға жол ашты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі