Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла имам жиналған халыққа «Ысырапшылдық» турасында уағыз-насихат айтты.
Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде: «....Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді» - деп, пендені ысырап жасамауға үндейді. Пайғамбарымызда (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, алған білімін не істегендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және тәнін қандай жолда жүріп тоздырғандығы жайлы есепке тартылмайынша бір адым да аттай алмайды», – деген. Өкінішке орай бүгінгі қоғам күнделікті өмір сүру салтында, той-жиындар мен құдайы астарда ысырапшылыққа бой алдыруда.
Осы орайда ауыл имамы ақ дастархан басына жиналған ауыл тұрғындарына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, қазіргі қоғамның дерті болған ысырапшылдық жайында сөз қозғап, ысырапты Алланың сүйметіндігін айтып, әрбір берілген нығметтің қадіріне жетуге шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


15 Қараша 2025
24 Джумада-авваль 1447

