#Шу: Жамбыл облысының бас имамы №13 колледжде кездесу өткізді

#Шу: Жамбыл облысының бас имамы №13 колледжде кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Шу қаласындағы №13 колледжге арнайы барып, білім алып жүрген жастармен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында бүгінгі қоғамда жиі көтеріліп жүрген жат ағымдар мәселесі сөз болды.

Асқар Зәкіржанұлы өз сөзінде жастардың дұрыс бағытта білім алуының маңызын ерекше атап өтіп, діни және заманауи білімнің үйлесімді түрде игерілуі – болашақтың берік іргетасы екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастардың рухани тұрақтылығы мен ұлттық құндылықтарға адалдығы – ел ертеңінің кепілі екенін түсіндірді.

Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев та кездесуге қатысып, жастарға білім алуға деген талпыныстың әрқашан жоғары болу қажеттігін атап өтті. Ол қазіргі заман талабына сай жан-жақты білімді болудың маңызын тілге тиек етті.

Кездесу өте әсерлі әрі пайдалы өтті, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін өкілдерінен нақты жауап алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: