#Шу: Облыс бас имамы «Жәми» мешітінде жұма намазын жүргізді

#Шу: Облыс бас имамы «Жәми» мешітінде жұма намазын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысын«Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Шу ауданына арнайы сапармен келіп қайтты. Бұл жолғы рухани іссапардың мақсаты – аудан жұртшылығымен жүздесу әрі маңызды мәселелерді қозғау болатын.

Сапар барысында бас имам аудан орталығындағы «Жәми» мешітіне ат басын бұрып, жиналған жамағатқа «Ысырапшылдыққа жол жоқ» тақырыбында терең мазмұнды насихат айтты. Уағыз барысында ол қоғамдағы ысырапшылдықтың зиянын, діни тұрғыдан оған деген көзқарасты нақты дәлелдермен түсіндіріп өтті.

Жұма намазына жиналған жамағат бас имамға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Бұл кездесу жергілікті тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып, имандылыққа бастар маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: