#Шу: Ғалымбек Жәпек жат ағымдардың зияны туралы айтты

#Шу: Ғалымбек Жәпек жат ағымдардың зияны туралы айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құптан намазы кезінде Шу ауданының «Жәми» мешітінде ерекше рухани кездесу өтті. Жамағатпен жүздесуге арнайы келген Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек жат ағымдармен күрес, дін мен дәстүр сабақтастығы және өткеннен сабақ алу тақырыптарында әсерлі уағыз айтты.

Уағыз барысында ұстаз қазіргі қоғамда кездесетін діни алауыздық пен теріс пиғылды ағымдардың жастар санасына тигізетін кері әсері жайында ашық айтты. Сонымен қатар, ата-бабамыздан келе жатқан дін мен дәстүр бірлігінің маңызын түсіндіріп, ұлттық болмыс пен иман үндестігін жете баяндады.

Жамағат уағызды ұйып тыңдап, имамға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жиын соныңда көпшілік алғыстарын айтып, намазда бір сап түзеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: