Шу ауданының рухани өмірінде ерекше орын алатын оқиғалардың бірі — «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы ұйымдастырған мерекелік басқосу болды. Өткен Құрбан айт мейрамына орай ауданның белсенді әйелдері мен қыз-келіншектері жылы шырайлы дастархан басында жиналып, мерекелік көңіл-күймен бөлісті.
Іс-шара барысында жамағат мүшелері ұлттық салт-дәстүрге сай өзара сыйлықтармен алмасты. Бұл игі қадам, ең алдымен, әйелдер арасындағы бірлікті, бауырмалдық пен имандылықты арттыруға бағытталған. Жиналғандар айт мейрамының маңыздылығына тоқталып, мұндай рухани кездесулердің қоғамдағы ауызбіршілік пен рухани жаңғыруға оң әсер ететінін атап өтті.
Мерекелік дастархан мен жүрекжарды тілектер — бұл кездесудің басты айғағы. Әйелдер қауымы бір-біріне деген ізгі тілектерін айтып, қуанышпен тарқасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.