Шу ауданының орталығында орналасқан «Төле би» мешітінде айтулы оқиға өтті. Құптан намаз кезінде Жамбыл облысының бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығын оқып, жамағатқа жаңа ұстаз Нұрмұхаммед Қадіровті таныстырды.
Салтанатты сәтте облыс бас имамы жаңа ұстазға алдағы қызметінде сәттілік тілеп, оның діни-ағартушылық жолында табысқа жетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жамағат арасынан қарилар тәрбиеленіп, Құран жолында Нұрмұхаммед ұстаздың артынан еретін шәкірттер көбейсін деген ақ батасын берді.
Жиналған жұртшылық бұл қуанышты жаңалықты ризашылықпен қабылдап, мешіт қызметі одан әрі жандана түсеріне сенім білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.