#Шу: РАНТ мүшесі «Кәрібай молда» мешітінде уағыз жүргізді

#Шу: РАНТ мүшесі «Кәрібай молда» мешітінде уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл ұстаз Шу ауданына жасаған сапарында «Кәрібай молда» мешітінде жамағатпен жүздесті. Кездесу аясында ол «Сыр сақтау» тақырыбында мазмұнды уағыз жүргізіп, жамағатты терең ойға қалдырды.

Кездесуді бастаған Аят қажы Дыбысұлы ұстазды жамағатқа таныстырып, бұл сапардың рухани маңызын түсіндірді. Ұстаздың тәжірибесі мен білімінің көпшілік үшін пайдасы зор екенін атап өтіп, уағыздың мәніне назар аударуға шақырды.

Уағыз барысында білікті дін маманы адам баласының бір-біріне деген сенімі, аманатқа адалдығы мен жүрек тазалығы жайлы терең насихат айтты. Сыр сақтаудың шариғаттағы орны мен қазіргі қоғамдағы маңызы кеңінен ашылып, жиналғандарға үлкен ой салды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: