#Шу: Абдуқадір Сейтқали «Әбу-Бәкір Әс-Сыддық» мешітінде жамағатпен кездесті

#Шу: Абдуқадір Сейтқали «Әбу-Бәкір Әс-Сыддық» мешітінде жамағатпен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы наиб имамы Абдуқадір Сейтқали Шу ауданындағы «Әбу-Бәкір Әс-Сыддық» мешітіне арнайы ат басын бұрып, жергілікті жамағатпен жүздесті. Кездесу барысында ол насихат айтып, имани түсінікті тереңдетуге бағытталған әңгіме өрбітті.

Сапар аясында «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылып, жамағатқа құлшылықтың дұрыс тәртібі, діни сұрақтар қойғанда дінді бұрмаламай, нақты әрі шариғатқа сай жауап беру мәдениеті жайлы кеңінен түсіндірілді.

Ұстаздың байыпты баяндауы мен нақты мысалдары жиналған жамағаттың ерекше ықыласына бөленді. Мешітке жиналған көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріліп, жиын рухани әрі тәрбиелік мәнде өтті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: