#Шу: «Төле би» мешітінде облыс наиб имамы жұма намаз жүргізді

#Шу: «Төле би» мешітінде облыс наиб имамы жұма намаз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына арнайы сапармен келген Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Абдіқадір Сейтқали «Төле би» мешітінде жұма намазын жүргізді. Көпшіліктің қатысуымен өткен бұл жұма рухани мазмұнымен ерекшеленді.

Мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы қонақ имамды жамағатқа таныстырып, оның діни білім мен насихаттағы тәжірибесін атап өтті. Жұма уағызында Абдіқадір Сейтқали «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» тақырыбын арқау етіп, күнделікті өмірдегі орынсыз шығындар, сән-салтанатқа құмарлық және материалдық дүниеге байланудың рухани зияны туралы терең насихат жүргізді.

Жұма намазына жиналған жамағат уағызды ұйып тыңдап, рухани ой түйіп, намазда сап түзді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: