Шу ауданындағы «Әбу-Бәкір Әс-Сыддық» мешітінде РАНТ мүшесі, Қанат Жұмағұл жұма намазын жүргізіп, жамағатқа әсерлі уағыз айтты.
Уағыз тақырыбы — «Ысырапшалдық – Алла сүймейтін іс» деп аталып, күнделікті өмірде орын алып жатқан қажетсіз шығындар мен ысыраптың зияны жайлы кеңінен сөз қозғалды. Ұстаз Құран мен хадистерге сүйене отырып, үнемшілдіктің мұсылманға тән сипат екенін, Алланың ұнатпайтын амалдарының бірі дәл осы ысырап екенін нақты мысалдармен түсіндірді.
Жамағат уағызды ерекше ықыласпен тыңдап, жүректерге жеткен насихаттан рухани тәлім алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.