Шу ауданына қарасты Тоғай мөлтек ауданындағы «Тоғай» мешітінде ерекше жұма күні өтті. Жұма намазын жүргізуге арнайы келген «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек жамағатқа әсерлі уағыз айтып, жүректерге жол тартты.
Уағыз тақырыбы — «Ысырапшылық – Алла сүймейтін іс» деп аталып, қазіргі қоғамдағы орынсыз шығындар мен қажетсіз сәнқойлық жайлы нақты мысалдар келтірілді.
Жұма намазына жиналған жамағат уағызды ұйып тыңдап, рухани ой түйіп, күнделікті тұрмыста үнем мен байыпты әрекетке мән беру қажеттігін ұғынды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.