Жамбыл облысының бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Шу ауданына жасаған сапары аясында «Төле би» мешітінің жамағатымен жүздесті.
Құптан намазы кезінде Қасиетті Құранның Мүминун сүресінің алғашқы 7 аятын тәпсірлеп, жамағатқа терең мән-мағына берді. Аяттардағы мүміндердің сипаттары мен шынайы иман иесінің белгілерін түсіндіре отырып, жиналғандарға жүрекке жететін насихат айтты.
Көпшілік ұйып тыңдап, намазда бір сап түзеп, бірліктің үлгісін көрсетті. Аталған мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы облыстық дін қызметкеріне алғысын жеткізіп, бұл кездесу жамағат үшін үлкен рухани серпіліс болғанын атап өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.