Арнайы сапармен Шу ауданына келген Ғалымбек Жәпек «Төле би» мешітінде «Отбасылық кеңес беру» атты тақырыпта тағылымды жиын өткізді. Бұл басқосу отбасы құндылықтарын арттыруға бағытталған игі шара болды.
Жиынды ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев ашып, қонақты жиналған қауымға таныстырып өтті. Ол жиынның насихаттық маңызын айрықша атап, бүгінгі қоғамда отбасы тәрбиесіне көңіл бөлудің қажеттігін жеткізді.
Облыс бас имамы өз сөзінде отбасылық мәселелерге терең үңіліп, бақытты отбасының негізі өзара түсіністік, сыйластық пен шариғатқа негізделген тәрбие екенін нақты әрі әсерлі түрде баяндады. Қатысушылардың жүрегіне жол тапқан насихатта өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.