#Шу: «Төле би» мешітінде «Уағыз айту мәдениеті» семинары өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде «Уағыз айту мәдениеті» семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында «Уағыз – айту мәдениеті» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында халықты рухани тұрғыда тарту, бауырмалдыққа баулу, күнделікті өмірден мысал келтіре отырып әсерлі уағыз айту сынды маңызды тақырыптар жан-жақты талқыланды.

Жиынға облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып, имамдарға құнды кеңестерін берді. Сонымен қатар, семинарға Орталық мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жәпек, Сейткали Абдуқадір және РАНТ мүшесі, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жиынға қатысушылар сұрақ қойып, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік алды. Бұл семинар – имамдардың біліктілігін арттырып, діни-ағартушылық жұмыстың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: