Облыс бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Шу ауданына жасаған сапары барысында «Төле би» мешітінде талай жыл бойы адал қызмет етіп, мешіттің тыныштығы мен тәртібін күзеткен құрметті қария, қарауыл Боранбай Тоқтарбайұлы ақсақалды 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтады.
Асқар қажы Зәкіржанұлы ақсақалдың ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегіне алғыс білдіріп, мешітке сіңірген еңбегі жастарға үлгі болатынын атап өтті. Ізгі ниетпен тәттілер салынған себет табыстап, мерейтой иесінің жүзін жадыратты.
Бұл игі бастама жиналған жамағатты бір серпілтіп, ел ішінде рухани байланыстың мықты екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.