#Шу: Ауданындағы «Төле би» мешітінде имамдардың кеңесі өтті

#Шу: Ауданындағы «Төле би» мешітінде имамдардың кеңесі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында орналасқан «Төле би» мешітінде маңызды жиын өтті. Ауданға арнайы іс сапармен келген облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлымен қала мен ауыл мешіттерінің имам-молалары бас қосып, тағылымды кездесуге қатысты.

Ауданның бас имамы Алмас Кендемолдаев қонақты жамағатқа таныстырып, Шу ауданының діни ахуалы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Өз сөзінде облыстың бас имамы имамдардың этикасы мен сырт келбеті – киім үлгісінің талапқа сай болуы, шәкірт тәрбиелеудің маңызы, мешіт тазалығы және төрт бағыттағы жұмыс: уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, діни рәсімдердің сапалы орындалуы туралы кеңінен тоқталды.

Кездесу соңында ауданның діни қызметінде 30 жылға жуық еңбек еткен Аят қажы Дыбысұлы облыс бас имамына өз атынан және аудан имамдары атынан алғысын білдіріп, сәттілік пен береке тіледі. Баталы сөздермен ісін нұрландыра түсті.

Сөз соңын Шу өңірінің абызы Жетпісбай ақсақал дұғамен түйіндеп, барша жиналғандарға ақ тілегін жаудырды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: