#Шу: Облыс бас имамы «Төле би» мешітіне он бағасын берді

#Шу: Облыс бас имамы «Төле би» мешітіне он бағасын берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапарымен Шу ауданына келіп қайтты. Сапар барысында аудан орталығында орналасқан «Төле би» мешітіне арнайы аялдап, құлшылық ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақын танысты.

Мешіттің ішкі-сыртқы жай-күйін көзбен көріп, имамдардың жұмысына көңіл бөліп, аталмыш мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлының еңбегіне жоғары баға берді. Ол имамның ұйымдастырушылық қабілеті мен діни-ағартушылық бағыттағы бастамаларына ризашылығын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Талғат Кәрібайұлы жұмыс жоспарымен бөлісіп, екі қабатты қарылар дайындау орталық медресесінің құрылысы басты назарда тұрғанын атап өтті. Имамның айтуынша «Бұл – өңірдегі діни білім беру ісіне жаңа серпін беретін маңызды жоба болмақ»

Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевта сапар аясында сөз алып, «Төле би» мешітінің аудан көлеміндегі ең көрікті және сәулетті мешіттердің бірі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мешіт аумағында жүзеге асырылуы тиіс жобалар мен ағымдағы жұмыстар жайлы облыс имамына баяндады.

Бұл сапар – мешіт қызметкерлері мен жамағат үшін тың серпін беріп, діни ахуалды нығайту жолында жаңа белестерге бастайтыны сөзсіз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: