Шу ауданының «Төле би» мешітінде облыс наиб имамы Абдуқадір Сейткали «Пәтуа сағаты» атты маңызды дәріс өткізді. Жиынға аудандық мешіттердің имамдары қатысып, діни білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.
Наиб имам дәріс барысында имамдардың Алла алдындағы және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін кеңінен түсіндіріп, шариғаттың нәзік мәселелері бойынша нақты бағыт-бағдар берді. Ол пәтуа берудің салмақтылығы мен діни сұрақтарға жауап берудегі байыптылықтың маңызын атап өтті.
Имамдар сұрақтарын қойып, бұл дәрістен мол рухани азық алып, тәжірибелерін байыта түсті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.