Меркі: Қызға қырық үйден тыйым

Меркі: Қызға қырық үйден тыйым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызға қырық үйден тыйым – рухани тәрбиеге арналған іс-шара. Бүгін Жүніс Молда мешіті мен Меркі ата мешітінің әйелдер жамағаты бірлесіп, «Қызға қырық үйден тыйым» атты рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – әйелдер мектебінің жұмысын жандандыру, жас қыздарға бағыт-бағдар беру, ұлттық және діни құндылықтарды насихаттау болды.

Шара дөңгелек үстел форматында өтті. Оған әйелдер жамағатының белсенді мүшелерімен қатар, “Әжелер алқасының” үш құрметті мүшесі арнайы қонақ ретінде шақырылды. Олар тұрмыс құрған келіншектер мен бойжеткен қыздарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өз ақыл-кеңестерін айтты.

Дөңгелек үстелде қыз бала тәрбиесі, оның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүр мен ислам шеңберіндегі тыйымдар мен рұқсаттар жайында кеңінен сөз болды. Қатысушылар ашық форматта пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.

Меркі ата мешітінің ұстазы Медина ұстаз бен Жүніс Молда мешітінің ұстазы Бота ұстаз қазақ қызына тән тәрбиенің ислам дініндегі маңызын ашып көрсетіп, қазіргі заманның ағымында қыз баланың ар-намысын, ибасы мен ұяты қалай сақталуы тиіс екендігі жөнінде насихат айтты.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: