Кім бар деп бұл күймеде дауыстады
Ақылын ашуланып тауыспады
Төлеген үш қайтара шақырсада
Қызжібек сөйлесуге намыстанды
Төлеген сонда тұрып қапа болды
Өзінің елін ойлап іші толды
Қыз түгіл өз елімде еркек қорыққан
Бұл жерде қайран басым кемтар болды
Тең едім өз елімде қан затпенен
Алдыма келушеді жан атпенен
Мына қыз жауап бермей қапа қылды
Жүргенсіп өз елінде сәулетпенен
Төлеген қапа болып тұрып қалды
Атының кейін қарай басын бұрды
Сол уақытта Қаршыға да келді жетіп
Сөйлеспей Жібек кетті Құдай ұрып
Қаршыға Төлегенге келді жетіп
Атына қамшы басып екпіндетіп
Төлеген Қаршығаға сөз сөйледі
Кетті деп жауап бермей қапа етіп
Қаршыға оған ешкім айқайлап сөйлескен емес. Намыстанып қалған болар деп Жібекке айтқаны
Ұядан ұшқан балапан
Қанаттары тарады
Асыл туған анадан
Әрбір іске жарайды
Құрметіңе мен сенің
Тігемін алтын сарайды
Данышпан адам дүниенің
Парасатын қарайды
Ақы алып құрмет қылғанды
Оны да іске санайды
Көтергің Жібек басыңды
Ертіп келдім бір жігіт
Тап өзіңе ылайық
Жақтырмап ең талайды
Басыңды көтер Жібекжан
Құлақ салып сөзіне
Қасымда тұр бір жігіт
Тап ылайық өзіңе
Дәрі жауһар көзі бар
Бал шекердей сөзі бар
Мыңын жисам осының
Жетпейді басқан ізіне
Қаршыға сынды көкеңді
Қапа қылмай қарағым
Бір қарашы жүзіне
Жібек сонда сөйлейді
Сөйленгенде бүй дейді
Көке болмай жерге кір
Салмаймын құлақ сөзіңе
Бай тауып маған әкел деп
148 бет
Қашан айттым өзіңе
Жөндеп баққың малыңды
Бет алдыңа сандалмай
Жолама менің ізіме
Екі тайға ойламай мені
Мені сатып сыртымнан
Не бетіңмен сөйлейсің
Көрінбей жоғал көзіме
Қаршыға тағы сөйледі
Сірә менің Жібекжан
Екі жорға алғаным
Неге айтайын сөзімнің
Ырасы айтпай жалғанын
Мақұл мекен Жібекжан
Сөздің жөнін байқамай
Отырсың жанжал салғаның
Екі жорға мен алдым
Төлегенге дос болып
Нанғандағым сөзіне
Көңілің маған қош болып
Жолыңа сенің басымды
Бәйгеге тігіп мен келем
Басыңды көтер Жібекжан
Кетпесін еңбек еш болып
Сонда Қызжібек күймені ашып, бір көріп амандасып қайта жапты.
Қызжібектің құрметі
Жаһаннан асқан сәулеті
Іләйлі мәжнүн болмаса
Өзгеден артық келбеті
Үш қызы бар қасында
Өзі 14 жасында
Танадай көзі жалтылдап
Алтын шашбау шашында
Қызжібектің дидары
Қоғалы көлдің құрағы
Көз сипатын қарасаң
Қор қызының шырағы
Бой нұсқасын қарасаң
Бектердің мінген пырағы
Қызжібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай
Білегінің шырағы
Айбалтаның сабындай
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай
Оймақ ауыз қой көз
Іздеген ерге табылғай
Өткірлігін сұрасаң
Ұсталар соққан кетпендей
Нұр тұқымын еккендей
Екі ауыз сөз сөйлеген
Мұратына жеткендей
Тірі түгіл Жібекті
Өлген адам тіріліп
Бетінен келіп үпкендей
Қызжібекті Төлеген
Ақылменен танып көр
Көз мейірі қанып нұр
Бейіштен шыққан шамшырақ
Көзі жайнап жанып тұр
Белі нәзік талып тұр
Тартқан сымнан жіңішке
Үзіліп кетпей нағып тұр
149 бет