Бір қыз кетіп барады
Қара жорға мінгені
Қара торқа кигені
Екі көзі сүрмелі
Бұл сияқты перизат
Қыз іздеген Төлеген
Жоқ еді тіпті көргені
Сексен түйе қомдаған
Сексені де болмаған
Сексен түйе үстінде
Алтыннан бағлан орнаған
Исфаһана кілем бар
Жібектен көлін торлаған
Қыз сипатын қараса
Ақ бетінде кіршік жоқ
Айдын-көлдің құйындай
Екі көзі жылтылдап
Батырдың алтын туындай
Сөйлеген сөзі мәзәлі
Аб замзамның суындай
Аузынан шыққан лебізі
Сары алтынның буындай
Осы екен деп Қызжібек
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген
Артынан келіп Қаршыға
Жібек емес деген соң
Онан да өтіп жөнеген
Онанда өтіп Төлеген
Атына қамшы басады
Тұлпардай туған көк жорға
Көзі отттай жанады
Сымға тартқан күмістей
Сүмбідей болып барады
Тағы айқасты бір көшке
Бір бәйбіше нұр жүзді
Көшті тартып барады
Көш алдында бәйбіше
Сары алтыннан сандығы
Екі жүз түйе қазына
Сары алтын жабдығы
Құдды раушан барлығы
Жазығы қатын демесең
Қартайсада ілгері
Әлгі қыздардың сандығы
Аға жүніс перідей
Айдың өткен нешесі
Ай қараңғы кешесі
Жазығы қатын демесең
Қартайсада ілгері
Әлгі қыздардан мүшесі
Асылдай болып есіліп
Нұрдай болып шешіліп
Көшті тартып барады
Жібектің тапқан шешесі
Берсе нәргі жігітке
Ертесі мен кешіне
Келсе Жібек жоқ екен
Сол секілді көшінде
Көш сәулетін қарасаң
Исфаһанның жауһары
Стамбулдың гауһары
Тамаша қылған адамның
Тояды көздің баһары
Есебі жоқ дүниенің
Есептелік несіне
Ертеңгі күн бесінде
Зорға жеткен секілді
Қызжібектің көшіне
146.
Мұны көріп Қаршыға
Атының басын бұрады
Әңгіме дүкен құрады
Жібекжан қайда кеткен деп
Сылтау етіп сол жерде
Шешесінен сұрады
Жібекжан ерте кеткен деп
Болжаулы жерге жеткен деп
Көшпен бірге жүргенде
Бетіме тозаң тимеппед
Көк пәуеске күймемен
Азаннан тұрып кеткен деп
Шешесінің сол жерде
Бұларға берген жауабы
Шешесінен мұны естіп
Базарбайдың Төлегені
Енді белін түйінді
Асыл киім киінді
Бағымды Алла ашқыл деп
Пірлеріне сиынды
Атқа салды тоқымды
Текректетіп келеді
Енді ойланып Төлеген
Келгеніне өкінді
Тұлпардан туған көк жорға
Ор қояндай секірді
Қаршығамен ілесіп
Атқа қылды өкімді
Найзасы аумай қолынан
Жұлдызы туды оңынан
Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартып қоңынан
Ер Төлеген жөнеді
Кеткен Жібек соңынан
Алмас қылыш сыртылдап
Алтынды жүген жарқылдап
Көк жорға тұлпар қырланды
Екі көзі жылтылдап
Өмілдірік сом алтын
Омырауда алқылдап
Солқылдайды қара жер
Көк жорға басса былқылдап
Ұршықтай саны бұлтылдап
Құйындай шаңы бұрқылдап
Алмас қылыш белінде
Қолында найза қылтылдап
Төрт тұяқтан шыққан от
Шақпақты сайы қылтылдап
Құлақ салса дауылы
Таң суындай сымпылдап
Қолтығынан аққан тер
Тебінгеннен шылпылдап
Шамның жанған жарығы
Жақының болмас ырайы
Жеті қырдан асқанда
Күлдірлеген қоңыраудан
Естіді даусын құлағы
Шапса балта өткендей
Шықырлап таудың тасына
Нелер келіп-кетпейді
Ержігіттің қасына
Көк жорғаны ыспыртып
Жетіп келді Төлеген
Қызжібектің қасына
Жібектің күйме арбасына 3 атты қатар жеккен екен ат айдаушы. Жембігі ғана көрініп отыр. Алдына бір шығып ешкімді көре алмай айтқаны.
147 бет