Ұлттық ойындардан жарыс өтті! Тамды ауылы. Тәңкібай ата мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен бірнеше ұлттық спорт түрінен жарыс өтті.
Атап айтқанда, қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату және кір тасын көтеру. Қазақша күрестен ауылымыздың палуаны Нұрханұлы Елдос жеңімпаз атанса, арқан тартыстан Көкпаршылар тобы жеңіске жетті. 30кг кір тасын Асыланбек есімді жігіт 86 рет көтеріп жеңімпаз атанса, “алты-атар” асық ойынынан Рүстем есімді жігіт сұр мерген атанды.
Іс-шара соңында Нұрбол Мырзаханұлы барша жеңімпаздарды құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.