Бостандық ауылы "Төртбай ата" мешітінің имамы Зулфухар Сержантұлының ұйымдастыруымен мешіт айналасына көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке мешіттің жамағаты белсене ат салысып, мешіт ауласын былтырдан қалып қордаланып қалған қоқыстардан тазалап, басқа да тазалық жұмыстарын жүргізіп, мешіт ауласын ретке келтіріп шықты.
Ұйымшылықпен істеген әрбір істе береке мен ынтымақ бар екенін ескерсек, "Төртбай ата" мешітінің жамағаты ауылдағы өзгелерге үлгі өнеге боларлық үлкен іс істеп "күшіміз бірлікте" деген ұранмен өзгелерге ауызбіршіліктін үлгісі бола білді.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі