Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық "Нұрлыкент" мешітінің ұстазы Ережепбай Дариға Қуанышқызының, ұйымдастыруымен "ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ” аты апалар арасында іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қазақ халқының тыйым салт дәстүрінің өрнектер өнерін үйрету үстінде өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу жөнінде және сонымен қатар, құран, ақида, фиқһ, Пайғамбарымыз(с.а.у) ның өміріне шолулар жасалып ойын ойнатылды.
Аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің ұстазы Смаганбетова Клара Диханбайқызы тақырыбымызға сәйкес қыз баласының өмірін исламмен байланыстырып түсіндіріп берді. Асыл аналарымызға алғыс хат берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.