Байзақ: БАС ИМАМ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАДЫ

Байзақ: БАС ИМАМ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Тегістік ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында наихат айтты.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетіне сәйкес үйлену сүннет амал саналады. Сондай-ақ бақытты отбасы моделінің ең ғажап үлгісін де Алла Тағаланың ақырғы елшісі ғибратты ғұмырында көрсете білді. «Сендердің ең жақсыларың – отбасына, әйел, бала-шағасына жақсы қарағандарың. Ал сендердің араларыңда отбасына ең жақсы қарайтыны – менмін» деп әрбір мұсылманға кімнен үлгі алу керектігін түсіндірді.

Байқасаңыз, қасиетті Құран Кәрімде де, екі дүние сәруарының мүбәрак хадистерінде де отбасына қатысты бұйрық, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар ер адамдарға қарата айтылады. Мәселен, «Ниса» сүресінде «Жұбайларыңмен тату өмір сүріңдер!» деп бұйырылса, хадистердің бірінде: «Біліп қойыңдар! Сендердің барлығың бақташысыңдар, бәрің де қарамағыңдағыларға жауаптысыңдар. Әмірші (басшы) – қарамағындағы адамдарға жауапты, ер кісі – өз отбасына бақташы, соған жауапты, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі солардан сұралады» (Әбу Дәуіт) делінген. «Ер адамға отбасын асырау үшін еңбек етіп, нәпақа таппау күнә ретінде жеткілікті» деп ардақты Елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасының тәрбиесімен қоса ризық-несібесін іздеуге ер адамның жауапты екенін шегелей түскен.

Ер азамат үшін өмірлік сыңарын тауып үйлену, әйелдер үшін теңін тауып, тұрмыс құру – өмірдің жаңа бір сатысы. Бабаларымыз «Басекеу болмай, мал төртеу болмайды» деп, басы бос жүрген жігіттің де, қыздың да дүниесі құралмайтынын біліп айтқан», - деді.

Ауыл тұрғындары насихат соңында аудан бас имамы Қанат Әділханұлына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: