РАМАЗАН 2025: АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

РАМАЗАН 2025: АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Ораза айт мерекесінде мешіттерде атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндады.

«Ораза айт мерекесіне орай барлық мешітте ұлттық нақышта безендіру жұмыстары жүргізіліп, мерекелік баннерлер мен айшықты жазулар ілінді. Айт намазы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жамағатқа насихат айтылып, мерекенің мән-маңызы түсіндірілді.

Мереке күні мешітке келген балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылып, кейбір мешіттерде балаларға арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға, жетімдер мен қарттарға қайырымдылық азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Айтта жақсылық жасайық» акциясы аясында мүгедектігі бар жандар мен жалғызбасты аналарға қолдау көрсетілді.

Ораза айт мерекесін кеңінен атап өту мақсатында кейбір мешіттерде киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен мәдени шаралар өткізілді. Айт намазына келген жамағатқа бауырсақ пен наурыз көже таратылды. Сонымен қатар, Қарттар үйі, балалар үйі және ауруханаларға арнайы барып, сыйлықтар табысталды.

ҚМДБ атынан ресми мекемелерге айт мерекесіне арналған құттықтау хаттары жеткізілді. Әлеуметтік желілерде құттықтаулар мен мерекелік видеолар жарияланып, БАҚ арқылы Ораза айттың маңыздылығы түсіндірілді. Барлық өңірде мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жамағаттың ауызбіршілігі мен мерекелік көңіл-күйін арттыруға ерекше көңіл бөлінді» деді Нұрбек Әуесханұлы.

 

 

 

  

 

 

 

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: