ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына тікелей эфирде Қадір түні жайлы арнайы сұхбат берді.

Бас мүфти қазақ елін Қадір кешімен тікелей эфирде құттықтап, телекөрермендерге насихат айтты.

«Қадір түні кез-келген ізгі, жақсы деп танылатын амалмен айналысуымызға болады. Ол зікір, таспихтар айту, уағыздар тыңдау, ренжіскен адамдармен татуласу болуы мүмкін. Түндердің ішіндегі ең қадірлісі – Қадір түні. Ендеше, бұл түннің қадірін біліп, барынша ғибадат-құлшылық, дұғамен өткізуге тырысайық. Өзіміз, жақындарымыз, халқымыз, еліміз үшін жақсылық тілеп, дұға етейік. Алла Тағала қасиетті қадір түнінде атқарған ғибадат-құлшылықтарымызды, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: