БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА АЙТ НАМАЗЫН ЖҮРГІЗІП, УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА АЙТ НАМАЗЫН ЖҮРГІЗІП, УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық Бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.

Бас мүфти жамағатты ораза айтпен құттықтап, мұсылманның Рамазаннан кейінгі рухани жағдайы қандай болуы керектігіне тоқталды. 

«Осыдан біраз уақыт бұрын ғана ораза айын асыға күтіп, сол айға аман-есен жетсек  деп жүрген едік, енді міне, қасиетті Рамазан айын да тәмамдап, оның артынша айт күнімен қауышып отырмыз. Рамазан айы – жылына бір мәрте келіп, жан дүниемізді тазартып, нәпсімізді тәрбиелейтін, бойымызда тақуалық қалыптастыратын рухани ұстаз. Бұл қасиетті айда бойымызға жинаған рухани азығымыз бір жыл бойғы рухани деңгейімізге әсер етуі қажет. Баршамыз өткен Рамазан айында ораза ұстадық. Тарауық намазын оқу үшін мешітке, жамағат намазына келдік. Мұқтаждарға зекет-садақаларымызды бердік. Ендігі мәселе, рамазаннан кейін де осы рухани күйімізді жоғалтпау» деді ҚМДБ Төрағасы.

Бұдан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге айт намазын оқып, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін арнайы дұға жасады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: