НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түні елордадағы Республикалық бас мешітте жамағатпен жүздесіп, Құран хатым дұғасын жасады.

Бас мүфти алдымен жамағатты мың айдан да қайырлы болған Қадір кешімен құттықтап, Құранды толық хатым еткен қариларға айрықша алғысын білдірді. Қадір түнінің артықшылығына тоқталып, жиналған көпшілікке насихат айтты.

«Алла Тағала пайғамбарына Қадір түнінінің болатын уақытын ұмыттырған. Бір жағынан Алла Тағала біздердің Рамазан айының соңғы он түнінің әр қайсысына мән беріп, оны ерекше құлшылық және тағатпен өткізуі үшін жасырылған.

Хадистің «Бәлкім, бұл сендерге қайырлы болар», – деген тұсы жайында Ибн Кәсир (Алла оны рақымына алсын): «Егер адамдар Қадір түнін білсе, тек сол күні ғана құлшылық етуге күш-жігер салар еді. Ол түнді білмеудің себебінен құлшылықтар көбірек орындалуда», ‒ деп түсіндірген.

Бабаларымыздың «Әр көргенді Қыдыр деп біл, әр түніңді Қадір деп біл!» деген өсиеті осыған қатысты айтылса керек.    Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі де қасиетті Рамазан айының соңғы он түнінде құлшылыққа ерекше мән беретін болған» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Бұдан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге Құран хатым дұғасын жасап, елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын тіледі. 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: