Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы Рамазан айы бойы Құран Хатым оқып, қасиетті Қадір түнін ерекше құрметпен қарсы алды. Айлардың сұлтаны саналатын Рамазанның ең қасиетті түніне орай «Қасиетті түн – қадір түні» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Игі шара барысында әйел жамағатқа арнайы уағыз-насихат айтылып, Қадір түнінің қадір-қасиеті түсіндірілді. Жиынға қатысқан әйелдер мен қыз-келіншектер Құран оқып, дұға жасады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.