Жамбыл облысы "Шариғат және пәтуа" бөліміне жауапты маман Сейтқали Әбдіқадыр ұстаз Талас ауданының имамдарына арналған арнайы пәтуа семинарын өткізді.
Жиында аудан имамдарына жамағаттың діни сұрақтарына мұқият құлақ асып, нақты әрі дұрыс жауап беру міндеті ерекше атап өтілді. Сонымен қатар ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде бекітілген түрлі тақырыптағы пәтуалар мен үкімдер кеңінен таныстырылып, имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
Семинар барысында ұстаз Сейтқали Әбдіқадыр діни білімді заманауи технологиямен ұштастырып, интернет арқылы fatua.kz сайты арқылы да пәтуалық мәселелер бойынша сұрақ жолдап, жауап алуға болатынын жеткізді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі